Press Releases

Press Release: Seminar on Defence Industry - organised by Embassy of India in Astana on 19th November 2025.

November 19, 2025

PRESS BRIEF

DEFENCE INDUSTRY SEMINAR ORGANISED BY EMBASSY OF INDIA ASTANA-19 NOV 25

        A Defence Industry Seminar was organized by the Embassy of India, Astana, Kazakhstan on 19 Nov 25 at Saad Hotel for presenting a common platform among the Indian Defence Industries, Kazakhstan Defence Industries & Kazakhstan Ministry of Defence officials.  A total of 12 Indian defence industries (both DPSUs and private industries) represented by 18 individuals, attended the seminar. A total of 40 Kazakhstan representatives (including those from Kazakh MoD, Kazakhstan Engineering and private defence industries) attended the seminar wherein the Indian representatives presented the capabilities and inventories of their respective companies to Kazakh officials. The event has ushered in many options and opportunities for future collaborations and partnerships. Broadly, the seminar involved briefings and presentations, display of products & capabilities and an intensive interaction among the representatives of the Indian and Kazakhstan defence industries & ministry of defence officials, leading to a series of discussions, opportunities and options. 

      The participation of large number of officers from Kazakhstan Ministry of Defence underscored the importance that Kazakhstan attaches to fostering deeper strategic and defence partnerships with India, sending a strong signal of intent toward expanding Indo-Kazakh cooperation in this critical domain. This seminar was envisaged as a platform to explore synergies under the framework of our Strategic Partnership and to initiate structured conversations around defence co-development, technology transfer and industrial collaboration. Shri Y K Sailas Thangal, Ambassador of the Republic of India to Republic of Kazakhstan delivered the key note address to the delegates wherein he not only “exhorted to exploit these opportunities but also give impetus to the spirit of co development and joint ventures” in many an areas of advanced capabilities and niche technologies between India & Kazakhstan.

       India’s defence industry has undergone a transformational journey over the past decade. Guided by the vision of "Aatmanirbhar Bharat" — or self-reliant India — the sector has seen significant reforms to boost domestic manufacturing, innovations, start ups and exports. Today, India is an emerging exporter of high-quality, reliable and cost-effective defence equipments and technologies. Indian companies, both public and private, are producing a wide range of systems — from land and naval platforms to missiles, electronics, drones, Artificial Intelligence and cybersecurity solutions.

    Kazakhstan occupies a special place for India. The bilateral defence cooperation has grown steadily over the years — from joint military exercises and high-level defence dialogues to capacity building and focused training programmes. The goodwill and trust that define India Kazakhstan military-to-military relations, form a strong foundation for expanding the cooperation to the industrial and technological domains also.

    There are bright and promising opportunities for collaboration between Indian and Kazakh defence companies — in co-development, co-production and supply chain integration. India is ready to be a reliable and long-term partner of Kazakhstan in the defence sector. The approach is based on mutual respect, shared interests and the spirit of eternal friendship between our peoples. The defence exports from India to Kazakhstan has already taken baby steps with few beginning this year, and in times to come, the collaboration & progress in this field will only grow. The seminar not only provided a common and workable platform to the Indian and Kazakhstan defence industries representatives, but also trigerred many individual one to one dialogues amongst the representatives for consolidation in the near future. The embassy plans to conduct the seminar annually and will be a key step to further deepen the military to military cooperation between India & Kazakhstan. 

*****

БАСПАСӨЗГЕ

ҮНДІСТАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ҚОРҒАНЫС ӨНЕРКӘСІБІ СЕМИНАРЫ – 19 ҚАРАША 2025

2025 жылғы 19 қарашада Астана қаласындағы Saad қонақ үйінде Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі Үндістан қорғаныс өнеркәсібі өкілдері, Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өкілдері үшін ортақ алаң орнату мақсатында Қорғаныс өнеркәсібі семинарын ұйымдастырды. Семинарға Үндістанның қорғаныс саласындағы 12 кәсіпорны (DPSU және жеке компаниялар) атынан 18 өкіл қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан 40 өкіл (ҚР Қорғаныс министрлігі, «Қазақстан Инжиниринг» және жеке қорғаныс компаниялары өкілдері) қатысып, үндістандық компаниялар өздерінің мүмкіндіктері мен өнімдері туралы таныстырылым жасады. Іс-шара болашақтағы ынтымақтастық пен серіктестікке жаңа мүмкіндіктер ашты. Жалпы алғанда, семинарда қысқаша баяндамалар мен презентациялар, компаниялар ұсынатын өнімдер мен мүмкіндіктердің көрсетілді, сондай-ақ екі елдің қорғаныс өнеркәсібі мен Қорғаныс министрлігі өкілдерінің тығыз өзара әрекеттесуі ұйымдастырылды, нәтижесінде бірқатар талқылаулар мен жаңа бағыттар пайда болды.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі офицерлерінің көптеп қатысуы Қазақстанның Үндістанмен стратегиялық және қорғаныс саласындағы әріптестікті тереңдетуге үлкен мән беретінін көрсетті. Бұл семинар стратегиялық әріптестік шеңберіндегі мүмкіндіктерді зерделеп, қорғаныс саласындағы бірлескен әзірлемелер, технологиялар жеткізу және өнеркәсіптік ынтымақтастық жөніндегі құрылымдалған сұхбаттарды бастау алаңы ретінде қарастырылды. Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шри Я. К. Сайлас Тангал делегаттарға арнаған негізгі баяндамасында «ашылған мүмкіндіктерді толық пайдаланып, бірлескен әзірлемелер мен бірлескен кәсіпорындарды дамыту рухын күшейту қажет» екенін атап өтті.

Соңғы онжылдықта Үндістанның қорғаныс өнеркәсібі елеулі трансформация кезеңінен өтті. «Аатманирбар Бхарат» - яғни «өзін-өзі қамтамасыз ететін Үндістан» тұжырымдамасы аясында отандық өндірісті, инновацияларды, стартаптарды және экспортты дамытуға бағытталған ауқымды реформалар жүргізілді. Бүгінде Үндістан жоғары сапалы, сенімді және қолжетімді қорғаныс жабдықтары мен технологияларын экспорттаушы ел ретінде танылып келеді. Үндістанның мемлекеттік және жеке компаниялары жер үсті және теңіз платформалары, зымырандар, электроника, дрондар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік шешімдеріне дейінгі кең ауқымдағы өнімдерді шығарады.

Қазақстан Үндістан үшін ерекше маңызға ие. Екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық жылдар бойы бірлескен әскери жаттығулардан бастап жоғары деңгейдегі диалогтарға, әлеуетті арттыруға және мақсатты дайындық бағдарламаларына дейін тұрақты дамып келеді. Үндістан мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастықты сипаттайтын өзара түсіністік пен сенім екіжақты қарым-қатынасты өнеркәсіптік және технологиялық салаларда да кеңейтуге берік негіз қалайды.

Үндістан мен Қазақстанның қорғаныс компаниялары арасында бірлескен әзірлемелер, бірлескен өндіріс және жеткізу тізбектерін интеграциялау бойынша үлкен әрі перспективалы мүмкіндіктер бар. Үндістан Қазақстан үшін қорғаныс саласында сенімді және ұзақ мерзімді серіктес болуға дайын. Бұл бағыт өзара құрметке, ортақ мүдделерге және халықтарымыз арасындағы мәңгі достық рухына негізделген. Үндістаннан Қазақстанға биыл басталған бірқатар жеткізілімдер екі ел арасындағы қорғаныс экспортының алғашқы қадамдары болды, ал болашақта бұл бағыттағы ынтымақтастық пен прогресс арта түсетіні сөзсіз. Семинар Үндістан мен Қазақстан қорғаныс компанияларының өкілдеріне ортақ әрі тиімді алаң ұсынып қана қоймай, жақын болашақтағы бірқатар екіжақты кездесулердің басталуына себеп болды. Елшілік осындай семинарды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр және бұл қадам Үндістан мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге маңызды үлес қосады.

*****

Go to Navigation